Балалардың деректерін паспортқа енгізу туралы
АҚПАРАТ

2013 жылғы 29 қаңтардағы «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» ҚР Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының паспорттарына он алты жасқа дейінгі балалар туралы жазба, тек ата-аналарымен бірге шетелге шыққан жағдайларда, фотосуреттері жапсырылып енгізіледі.
Франция аумағында тұрақты тұрып жатқан Еліміздің азаматтары, егер бала туылған жағдайда, балаға жеке паспорт ресімдеу үшін құжаттар тапсыру қажет.
Егер Франция аумағында уақытша жүрген Еліміздің азаматтарының баласы туылған жағдайда, ерекшелік ретінде Қазақстанға бірге қайту үшін баланың деректері паспортқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы азаматының паспортына баланың деректерін енгізу үшін Консулдық бөлімге өзіңіз келуіңіз керек және келесі құжаттарды тапсыруыңыз қажет:
- өтініш;
- ҚР паспорттың түпнұсқасы және көшірмесі;
- неке қию туралы куәліктің түпнұсқасы және көшірмесі. Аталған
құжатты француз құзыретті мекемелер ресімдеген жағдайда, «Apostille» мөртаңбасы, сонымен қатар қазақ немесе орыс тілдеріндегі куәландырылған аудармасы, 1 дана көшірмесімен бірге, бар болуы міндетті;
- баланың туу туралы куәлігінің түпнұсқасы және көшірмесі. Аталған құжатты француз құзыретті мекемелер ресімдеген жағдайда, «Apostille» мөртаңбасы, сонымен қатар қазақ немесе орыс тілдеріндегі куәландырылған аудармасы, 1 дана көшірмесімен бірге, бар болуы міндетті;
- баланың фотосуреті 3,5х4,5 көлемінде – 2 дана;
- баланың деректерін бір ата-анасының паспортына енгізуге қарсылығы
жоқ екендігі жөніндегі екінші ата-анасының нотариуспен куәландырылған қазақ немесе орыс тіліне аударылған келісімі;
- Консулдық алым 15 еуро болады (1 бала үшін);

Ескерту: Консулдық бөлімге ата-анасының екеуі де жүгінген жағдайда, жұбайының-зайыбының келісімін нотариуспен растаудың қажеті жоқ.

ИНФОРМАЦИЯ
о внесении в паспорт данных детей

В соответствии с Законом РК от 29 января 2013 года «О документах, удостоверяющих личность», запись о детях в возрасте до шестнадцати лет вносится в паспорта Республики Казахстан только в случаях выезда совместно с родителями за границу, с вклеиванием их фотографий.
Гражданам Казахстана, постоянно проживающим на территории Франции, в случае рождения детей необходимо подать документы на оформление отдельного паспорта.
В случае рождения ребенка у граждан Республики Казахстан, временно находящихся на территории Франции, данные ребенка могут быть внесены в их паспорт только для совместного выезда в Казахстан.
Для внесения данных ребенка в паспорт гражданина Республики Казахстан необходимо явиться лично в Консульский отдел и представить следующие документы:
-заявление ;
- оригинал и копию паспорта гражданина Республики Казахстан;
- оригинал и копию свидетельства о браке. В случае выдачи данного
документа французским компетентным органом наличие штампа «Apostille»,
а также заверенного перевода свидетельства на казахский или русский языки
обязательно;
- оригинал и копию свидетельства о рождении ребенка. В случае выдачи данного документа французским компетентным органом наличие штампа «Apostille», а также заверенного перевода свидетельства на казахский или русский языки обязательно;
- фотографию ребенка размером 3,5х4,5 – 2 шт.;
- нотариально заверенное согласие одного родителя на внесение данных ребенка в паспорт другого родителя с переводом на казахский или русский языки;
- оплата консульского сбора в размере 15 евро (за одного ребенка) производится банковской картой.


Примечание: в случае обращения в Консульский отдел обоих родителей, нотариально заверять согласие супруга не обязательно.