Қазақстан Республикасы азаматының паспортын айырбастау туралы
АҚПАРАТ

ҚР азаматының паспортын айырбастауға құжаттарды тапсыру үшін өтініш білдірушінің жеке өзі келуі қажет. Консулдық бөлімге келесі құжаттарды көшірмелерімен бірге екі данада тапсыруы керек:
- Өтініш – 2 дана;
- Сауалнама– 1 дана;
- Туу туралы куәліктің түпнұсқасы және көшірмесі – 2 дана;
- ҚР азаматы паспортының түпнұсқасы және көшірмесі (жеке деректері, Францияда ТТ шыққандығы туралы ҚР ІІМ таңбасы); қазақстандық студенттер үшін – ЖОО-да оқып жатқандығы туралы университет анықтамасының түпнұсқасы мен көшірмесі; Францияда аумағында уақытша жұмыс істейтін Қазақстан азаматтары үшін – еңбек келісім-шартының түпнұсқасы мен көшірмесі. Аталған құжаттарды қазақ немесе орыс тіліндегі куәландырылған аудармасымен бірге тапсыру қажет – 2 дана;
- Сізге Францияда тұрақты тұруға құқық беретін болмыш мемлекеттің құзыретті органдары берген тұрақты тұру рұқсатының түпнұсқасы және қазақ және орыс тілдеріндегі куәландырылған аудармасы – 2 дана;
- Неке қию туралы куәліктердің түпнұсқасы және көшірмесі – 2 дана. Егер неке қию Францияда болса, онда «Apostille» мөртаңбаның, сонымен қатар қазақ немесе орыс тілінде расталған аудармасының болуы міндетті – 2 дана. Егер Францияда неке қиюға байланысты паспорт айырбастау жаңа тегіңізге жасалатын болса, онда неке қию туралы куәлігіне қазақ немесе орыс тілінде расталған тегі ауыстырылғандығын дәлелдейтін отбасы кітабының үзіндісінің түпнұсқасы мен көшірмесі қосымша тапсырылуы қажет – 2 дана;
- 16 жасқа дейінгі балалардың туу туралы куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі. Егер аталған құжатты француз құзыретті органдары берген жағдайда, онда «Apostille» мөртаңбаның, сонымен қатар қазақ немесе орыс тілінде расталған аудармасының болуы міндетті – 2 дана;
- фотосурет 3,5х4,5 – 4 дана. Құжаттарды Консулдық бөлімге тапсыру кезінде сурет өтініш білдірушінің жасына сәйкес келуі керек, тура алдынан жарық фонда күлкісіз түсірілген, бейнеңіз 75%-тен кем болмауы қажет;
-Францияның азаматтығының жоқтығы туралы анықтама, «Apostille» мөртаңбаның және қазақ немесе орыс тілінде расталған аудармасының болуы міндетті;
- Консулдық алым 35 еуро болады.

Назар аударыңыз!

2013 жылдың 1 қаңтарында күшіне енген «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 223-III Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматының ЖСН-і жоқ паспорттары мен жеке куәліктері жарамсыз болып табылады.
Бұл ретте Қазақстанға ескі үлгідегі ЖСН жоқ паспорттарымен жеке тәртіпте келген Қазақстан Республикасының азаматтары тұрақты тұратын жеріне қайта оралуы кезінде және Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің бақылау-өткізу бекеттерінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын өту барысында паспорттарының жарамсыздығы себебінен ұшуға жіберілмейді.
Алдағы уақытта Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің бақылау-өткізу бекеттерінде орын алатын келеңсіз жағдайларды болдырмау мақсатында ЖСН-і жоқ паспорттардың жарамсыздығы және оларды жаңа үлгідегі паспорттарға ауыстыру қажеттілігі туралы хабарлаймыз.

ИНФОРМАЦИЯ
по обмену паспорта гражданина Республики Казахстан

Для подачи документов на обмен паспорта гражданина РК заявителю необходимо явиться лично и представить в Консульский отдел следующие документы с копиями в двух экземплярах:
- заявление – 2 экз.;
- анкета– 1 экз.;
- оригинал и копии свидетельства о рождении – 2 экз. (если документ выдан французским компетентным органом, наличие штампа "apostille", а также заверенного перевода свидетельства на казахский или русский языки обязательно);
-оригинал и копии паспорта гражданина РК (страницы с личными данными, отметкой МВД РК о выезде на ПМЖ во Францию);
для казахстанских студентов:
-оригинал и копии справки с университета, подтверждающую обучение в ВУЗе с заверенным переводом на казахский или русский языки, с наличием штампа "apostille", 2 экз.;
для граждан Казахстана, временно работающих на территории Франции:
–оригинал и копии трудового договора с заверенным переводом на казахский или русский языки с наличием штампа "apostille", – 2 экз;
- оригинал разрешения на постоянное место жительство, выданное
компетентными органами страны пребывания дающий Вам право на постоянное проживание во Франции, а также их копии с заверенным переводом на казахский или русский языки с наличием штампа "apostille" в 2 экз.;
- оригинал и копии свидетельства о браке - 2 экз. Если брак был заключен во Франции, наличие штампа «Apostille», а также заверенного перевода свидетельства на казахский или русский языки обязательно – 2 экз. Если обмен паспорта производится на новую фамилию в связи с заключением брака во Франции, то к свидетельству о браке необходимо приложить оригинал и копии выписки из семейной книги с подтверждением перемены фамилии с заверенным переводом на казахский или русский языки – 2 экз.;
- оригинал и копии свидетельств о рождении детей до 16-лет. В случае выдачи данного документа французским компетентным органом наличие штампа «Apostille», а также заверенного перевода свидетельства на казахский или русский языки обязательно – 2 экз.;
- цветные фотографии 3,5х4,5 – 4 шт. Фотография должна соответствовать возрасту заявителя на момент подачи документов в Консульский отдел, выполнена строго в анфас на светлом фоне без улыбки, изображение лица должно составлять не менее 75% площади фотографии.
Для граждан, не достигших 16-летнего возраста, необходимо письменное согласие второго родителя на получение казахстанского паспорта. При различном гражданстве родителей предоставляется нотариально заверенное заявление-согласие от родителей иностранца на получение ребенком документов, удостоверяющих личность гражданина РК.
- справка об отсутствии гражданства Франции, наличие штампа «Apostille», а также заверенного перевода документа на казахский или русский языки обязательно;
- оплата консульского сбора в размере 35 евро производится банковской картой.

Внимание!

Согласно Закону Республики Казахстан от 12 января 2007 года «О национальных реестрах идентификационных номеров» № 223-III, вступившим в силу с 1 января 2013 года, паспорта и удостоверения личности гражданина Республики Казахстан без индивидуального идентификационного номера (ИИН) являются недействительными.
Таким образом, граждане Республики Казахстан, прибывшие в частном порядке в Казахстан с паспортами старого образца без ИИН, при возвращении к месту постоянного жительства и пересечении государственной границы Республики Казахстан на контрольно-пропускных пунктах Пограничной службы КНБ РК не допускаются к вылету ввиду недействительности паспортов.
В целях предотвращения конфликтных ситуаций на контрольно-пропускных пунктах при пересечении государственной границы РК, информируем о недействительности паспортов без ИИН и необходимости их замены на паспорта нового образца с ИИН.