Азаматтық

Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстанда бұрын тұрған тұлғалардың көптеген сауалдарына байланысты, азаматтық туралы сұрақтар бойынша келесі түсініктемелер береміз.

Қазақстан Республикасының 1991 ж. 20 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан аумағында осы Заңның күшіне енгізілген күнге дейін (яғни 1992ж. 1 наурызға) тұрақты тұрған (тұрақты тіркеуі бар) тұлғалар, егер олар 1995 ж. 31 желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасының азаматтығын қаламандығы туралы Қазақстан Республикасының тиісті органдарына тұрған мекен-жайы бойынша жазбаша өтініш бермеген жағдайда, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында болуы танылмайды. Осыған орай, Франция азаматтығын қабылдаған соң Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжатын Консулдық бөліміне тапсыру қажет.
Қазақстан Республикасының 1991 ж. 20 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңына сәйкес келесі тұлғалар Қазақстан Республикасының азаматтары болып танылмайды:

- 1995 ж. 31 желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасының азаматтығын қаламандығы туралы Қазақстан Республикасының тиісті органдарына тұрған мекен-жайы бойынша жазбаша өтініш бергендер;
- Қазақстан аумағында осы Заң күшіне енгізілген күнге дейін (яғни 1992 ж. 1 наурызында) тұрақты тұрмағандар (тұрақты тіркеуде болмағандар);
- Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылғандығы тіркелгендер және Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққандар.

Осыған орай, адамның қалауы бойынша тиісті анықтама беріледі. Қазақстан Республикасының азаматы болып танылмайтыны туралы анықтаманы ресімдеу үшін Консулдық бөліміне адамның өзі немесе сенімді тұлға (куәландырылған сенімхат бойынша) келесі құжаттарды тапсыру қажет:

- Консул атына жеке арыз;
- жеке басын куәландыратын құжат;
- Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққандығы туралы анықтаманың түпнұсқасы немесе куәландырылған көшірмесі;
- Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы Заңның күшіне енгізілген күнге дейін (яғни 1992 ж. 1 наурызында) Қазақстан аумағында тұрақты тіркеуде болмағандығын растайтын құжаттардың түпнұсқасы немесе куәландырылған көшірмесі.
Заңнамамен белгіленген тәртіп бойынша консулдық әрекеттер үшін консулдық алым алынады.

Қазақстан Республикасының азаматтығынан айрылуы туралы ақпарат:
Қазақстан Республикасының 1991 ж. 20 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңының 21 бабына (азаматтықтан айырылу) сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтығын айрылады:

- Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген реттерді қоспағанда, адамның басқа мемлекетте әскери қызметке, қауіпсіздік қызметіне, полицияға, юстиция органдарына немесе өзге де мемлекеттік өкімет және басқару органдарына орналасуы салдарынан;
- егер Қазақстан Республикасы азаматтығы көрінеу жалған мәліметтер немесе жалған құжаттар табыс ету нәтижесінде алынса;
- Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген негіздер бойынша;
- егер адам басқа мемлекеттің азаматтығын қабылдаған жағдайда;
- егер адамның Қазақстан Республикасының азаматтығын алуына негіз болған Қазақстан Республикасының азаматымен жасасқан некесін сот жарамсыз деп таныса.
Қазақстан Республикасы азаматтығынан айрылу туралы анықтама рәсімдеу үшін Консулдық бөліміне адамның өзі келесі құжаттарды тапсыру қажет:
- Консулдың атына жеке арыз;
- Қазақстан азаматтығын растайтын құжат (мысалы: Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты немесе жеке куәлігі немесе Қазақстан азаматы деген белгісі бар 1974 ж. үлгідегі (КСРО) төлқұжат немесе Қазақстанда бұрын тұрған мекен-жай бойынша Қазақстан Республикасы азаматтығы бар деген құзіретті органның анықтамасы немесе 1992 ж. 1 наурызы бойынша Қазақстанда тіркелгені және Қазақстаннан тіркеуден шыққандығы туралы белгісі бар 1974 ж. үлгідегі (КСРО) төлқұжат);
- Жеке басын куәландыратын құжат;
- Жеке басын куәландыратын құжаттың толтырылған беттерінің көшірмесі;
- Франция аумағында тұрақты тіркелгендігін растайтын құжаттардың куәландырылған көшірмелері немесе адамның басқа мемлекетте әскери қызметке, қауіпсіздік қызметіне, полицияға, әділет органдарына немесе өзге де мемлекеттік өкімет және басқару органдарына орналасуын растайтын құжаттар.

Қажетті жағдайларда Елшілік арыз берушінің соңғы тұрған мекен-жайы бойынша Қазақстанның құзыретті органдарына сұраныс жолдайды.

Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы ақпарат:

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын (ҚР-ның уәкілетті органдарынан ҚР-ның аумағынан тыс тұрақты тұруға рұқсат алған) адамдар Қазақстан Республикасының шетелдердегi мекемелер арқылы азаматтықтан шығу туралы өтiнiшiне келесі құжаттарды қоса бередi:
- сауалнама-өтiнiш - 2 дана;
- өмірбаян - 2 дана;
- фотосуреттер 3,5х4,5 – 2 дана;
- шетелдік паспорттың түпнұсқасы және өзекті ақпараттары бар беттерінің көшірмесі - 2 дана;
- туу туралы куәлігінің көшірмесі - 2 дана;
- неке қию туралы куәлігінің көшірмесі - 2 дана;
- баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі - 2 дана;
- консулдық алым 130 еуро болады.
Өтiнiш берушiнiң Қазақстан Республикасында зайыбы (жұбайы) немесе оның асырауында адамдар болған жағдайда, ол осы адамдардың өзiне материалдық және өзге де талаптары жоқ екендiгi туралы нотариалды сипатта куәландырылған осы адамдардың өтiнiшiн ұсынады.
18 жасқа толмаған, сондай-ақ iс-әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдарға қатысты азаматтықты өзгерту жөнiндегi шетелдердегi мекемелер куәландырған өтiнiштi, олардың заңды өкiлдерi арқылы баланың тууы туралы куәлiгiнiң көшiрмесiн (асырап алушылар, қорғаншылар және қамқоршылар жергiлiктi атқару органы шешiмiнiң көшiрмесiн тапсырады), не іс-әрекетке қабiлетсiз адамның жеке басын куәландыратын құжатты қоса табыс етедi;
14 жастан 18 жасқа дейiнгi кәмелетке толмаған балалар ата-аналарының өтiнiшiне шет елдердегi мекемелер куәландырған жазбаша келiсiмiн қоса бередi.
Барлық құжаттар мемлекеттiк не орыс тiлiнде жазылуы немесе мемлекеттiк не орыс тiлiнде тиiстi түрде куәландырылған аудармасымен жабдықталуы тиiс.
Өмірбаян мен сауалнама-өтініш даналарының барлығын өтінуші өз қолынан толтырылып қол қойылуы және өтініш берген күнін қою тиіс.
ҚР-дың шет елдегі мекемелері тізімдегі көрсетілмеген құжаттарды қосымша талап етуге құқығы бар.
Талап етілетін құжаттарды тапсырған соң, консулдық алым төленеді.
Сіздің өтінішіңізді қарастыру мерзімі 1 жыл және оданда көп уақытты құрайды.

——————————————————————————————————————————

Разъяснения по гражданству

В связи с многочисленными обращениями граждан Республики Казахстан и лиц, ранее проживавших в Казахстане, по вопросам гражданства даем следующие разъяснения.
В соответствии с Законом Республики Казахстан "О гражданстве Республики Казахстан" от 20 декабря 1991 г., лица, постоянно проживавшие (имевшие постоянную прописку) на территории Казахстана на момент вступления в силу Закона (т.е. 1 марта 1992 г.), являются гражданами Республики Казахстан, если они не подавали письменного заявления о выходе из гражданства Республики Казахстан в соответствующие органы Республики Казахстан по месту проживания до 31 декабря 1995 года.

Следует обратить внимание, что сразу после приобретения французского гражданства необходимо сдать в обязательном порядке национальный паспорт гражданина Республики Казахстан в Консульский отдел, так как в соответствии с Конституцией Республики Казахстан и Законом Республики Казахстан "О гражданстве Республики Казахстан" за гражданином Республики Казахстан не признается гражданство другого государства.

Не состоят в гражданстве Республики Казахстан в соответствии с Законом Республики Казахстан "О гражданстве Республики Казахстан" от 20 декабря 1991 г. лица:

- подавшие письменное заявление о выходе из гражданства Республики Казахстан в соответствующие органы Казахстана по месту бывшего проживания до 31 декабря 1995 года.
- не проживавшие постоянно (не имевшие постоянной прописки) на территории Казахстана на момент вступления в силу Закона РК "О гражданстве", т.е. 1 марта 1992 г.
- зарегистрированные, как утратившие гражданство Республики Казахстан или оформившие выход из гражданства Республики Казахстан.

По желанию выдается соответствующая справка. Для оформления справки о том, что вы не являетесь гражданином Республики Казахстан, Вам необходимо лично или через доверенное лицо (по доверенности, заверенной нотариально) предоставить в Консульский отдел следующие документы:

- личное заявление на имя Консула;
- документ, удостоверяющий личность;
- оригинал или заверенная копия справки о том, что вы подавали заявление о выходе из гражданства Республики Казахстан;
- оригинал или заверенные копии документов, подтверждающие об отсутствии постоянной прописки на территории Казахстана на момент вступления в силу Закона Республики Казахстан "О гражданстве", т.е. 1 марта 1992 г.
В установленном законодательном порядке за консульские услуги взимается консульский сбор.

Информация об утрате гражданства Республики Казахстан

В соответствии со статьей 21 Закона Республики Казахстан "О гражданстве Республики Казахстан" от 20 декабря 1991 г., гражданство Республики Казахстан утрачивается:
- вследствие поступления лица на воинскую службу, в службу безопасности, полицию, органы юстиции или иные органы государственной власти и управления другого государства, за исключением случаев, предусмотренных межгосударственными договорами Республики Казахстан;
- если гражданство Республики Казахстан приобретено в результате представления заведомо ложных сведений или фальшивых документов;
- по основаниям, предусмотренным межгосударственными договорами Республики Казахстан;
- если лицо приобрело гражданство другого государства;
- если брак с гражданином Республики Казахстан, послуживший основанием для приобретения лицом гражданства Республики Казахстан, признан судом недействительным.
Для оформления справки об утрате гражданства Республики Казахстан Вам необходимо лично предоставить в Консульский отдел следующие документы:
- личное заявление на имя Консула;
- документ, подтверждающий гражданство Казахстана (например: паспорт или удостоверение личности гражданина Республики Казахстан или паспорт образца 1974 г. (СССР) со штампом о гражданстве Казахстана или справка о наличии гражданства Республики Казахстан из паспортного стола по месту бывшего проживания в Казахстане или паспорт образца 1974 г. (СССР) с отметками о прописке в Казахстане на 1 марта 1992 г. и выписки из Казахстана);
- документ, удостоверяющий личность;
- ксерокопию заполненных страниц документа, удостоверяющего личность;
- заверенные копии документов, подтверждающих наличие у Вас постоянной прописки на территории Франции или документы, подтверждающие прохождение воинской службы, службы в полиции, в органах юстиции или в иных органах государственной власти и управления Франции.
В необходимых случаях Посольством направляется запрос в компетентные органы Казахстана по последнему месту жительства заявителя.

Информация по выходу из гражданства Республики Казахстан

Выход из гражданства Республики Казахстан граждан Республики Казахстан разрешается на основании ходатайства лица.
Гражданин Республики Казахстан, постоянно проживающий (получившие разрешение уполномоченными органами РК на постоянное место жительство) за пределами страны, подает заявление о выходе из гражданства через загранучреждения РК с приложением следующих документов:
- анкета-заявление – 2 экз.;
- автобиография – 2 экз.;
- фотографии 3,5 x 4,5 – 2 шт.;
- оригинал загранпаспорта с копиями страниц, содержащих актуальную информацию – 2 экз.;
- свидетельство о рождении – 2 экз.;
- свидетельство о браке – 2 экз.;
- свидетельство о рождении детей – 2 экз.;
- консульский сбор составляет 130 евро.
При наличии у заявителя в Республике Казахстан супруга (супруги) или находящихся на его иждивении лиц он представляет нотариально удостоверенное заявление этих лиц об отсутствии материальных и других претензий;
Ходатайство по вопросам изменения гражданства, удостоверенное загранучреждением, в отношении лиц, не достигших 18 лет, а также признанных недееспособными, подается их законными представителями, вместе с копией свидетельства о рождении ребенка (усыновители, опекуны и попечители представляют копию решения местного исполнительного органа) либо с документом, удостоверяющим личность недееспособного лица;
Несовершеннолетние в возрасте от 14 до 18 лет к заявлению родителей прилагают удостоверенное загранучреждениями свое письменное согласие;
Все документы должны быть написаны на государственном либо русском языке или снабжены соответственно заверенным переводом на государственный либо русский язык.
Все экземпляры анкет и автобиографии должны быть подписаны заявителем собственноручно и с указанием даты подачи заявления.
Загранучреждения вправе затребовать от заявителя документы, не указанные в перечне.
Оплата консульского сбора производится только после подачи документов.
Срок рассмотрения ходатайства составляет 1 год и более.